Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Оман Сұлтанын елорда әуежайынан шығарып салды (ВИДЕО) • Месси қоштасу матчында Аргентина Бенинді 3:0 есебімен жеңді • Ұлттық банк 7 қазанға арналған валюта бағамын жариялады • 7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады • Алкоголь бағасы Астанада 21,8%-ға өсті, тұтыну шығыны азайды • Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды • Тоқаев Оман Сұлтанын елорда әуежайынан шығарып салды (ВИДЕО) • Месси қоштасу матчында Аргентина Бенинді 3:0 есебімен жеңді • Ұлттық банк 7 қазанға арналған валюта бағамын жариялады • 7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады • Алкоголь бағасы Астанада 21,8%-ға өсті, тұтыну шығыны азайды • Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды •

    Батыс Қазақстанда із-түзсіз жоғалған 18 жастағы студенттің өлі денесі табылды

    Осыдан 3-4 күн бұрын жоғалып кеткен студенттің өлі денесі Жайық өзенінен табылды, – деп жазады Tengrinews.kz.

    Студент 18 жастағы Ерасыл Төлеуғали Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базаршолан ауылында жоғалып кеткен еді.

    «25 тамызда Ерасыл Төлеуғалидің денесін сүңгуірлер Жайық өзенінен тапты. Ол суға киіммен түскен» делінген хабарламада.

    Колледждің 3-курс студенті Ерасыл Төлеуғали демалыс кезінде Ақжайық ауданындағы туыстарына барып, үй шаруасына көмектескен. Студент жігіт Базаршолан ауылының жанындағы Қыдырбай қыстауында болған. Алайда 21 тамызда қыстаудағы шөп өртеніп, Ерасыл туыстарымен бірге малды алысырақ айдауға алып шыққан. Інілерін үйге қайтарған ол сол күйі үйіне қайтып келмеген.

    Жігіт 25 тамызда Оралға оралуы тиіс болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →