Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырғандар сотталды Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды «Байтақ» съезінде өзінің партияластары Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО) Ақтаудағы атыс: дәмханада жігіті елдің көзінше атып кетті (ВИДЕО) 3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырғандар сотталды Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды «Байтақ» съезінде өзінің партияластары Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО) Ақтаудағы атыс: дәмханада жігіті елдің көзінше атып кетті (ВИДЕО)

Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильм $7 млн долларға түсірілген

ҚР «Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры» экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмді түсіруге $7 млн бөлген, деп хабарлайды Qazaq.Today сайты halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры» Елбасы туралы фильмге $7 млн доллар төледі. 2021 жылы шыққан «Qazaq: Алтын адамның тарихы» фильмін Оливер Стоун түсірген. Келісімшарт сомасын журналист Михаил Козачков жариялады», – делінген хабарламада.

Арна авторлары Назарбаевтың қорлары туралы қаңтар айында үлкен тергеу жүргізілгенін және қорлардың қайырымдылықтан басқа, миллиардтаған долларлық активтерді басқаратын функциясы барын атаған.

«Бұған дейін біз «Қазақмыстың» Назарбаев қорына 79,4 млрд. теңге аударғанын айтқан болатынбыз. Айтпақшы 2018-2020 жылдар аралығында «Қазақмыс» қаражатын тек қана «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры» жеке қорына аударды. Алайда ол 2021 жылы жұмысын тоқтатқаннан кейін, оны басқа реципиенттер алмастырды, олар туралы ақпарат «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қорлары» деген бұлыңғыр тұжырымның артында жасырылды», – делінген хабарламада.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика