Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Пәкістанмен сауда ұлғаймақ: Қазақстанда тауар бағасы арзандай ма? • Бакуден Ереванға дейін: Тоқаевтың Қатар және Израиль басшыларымен кездесуі мен Каспий итбалығы үшін үндеуі • СҚО-да белгісіз сусын ішкен екі ер адам қайтыс болды • «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті • Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімі заңсыз шығарылған • Пәкістанмен сауда ұлғаймақ: Қазақстанда тауар бағасы арзандай ма? • Бакуден Ереванға дейін: Тоқаевтың Қатар және Израиль басшыларымен кездесуі мен Каспий итбалығы үшін үндеуі • СҚО-да белгісіз сусын ішкен екі ер адам қайтыс болды • «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті • Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімі заңсыз шығарылған •

    Министр Мұхтар Тілеуберді ҰҚШҰ әскерін қолдану мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді

    «Қазақстан мүше болып табылатын Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан Украина шығысындағы сепаратистік республикалар аумағына әскер жіберілуі мүмкін бе?» деген сұраққа Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «жоқ» деп жауап берді.

    – ҰҚШҰ жарғысы әскер мен бітімгершілік күштерді пайдалануды қатаң шектейді. Олар тек ҰҚШҰ аумағында ғана (оған Ресей, Армения, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан мүше – ред.) пайдаланыла алады. Өздеріңіз білесіздер, жуырда ҰҚШҰ бас хатшысы бітімгершілік контингентті «Донецк халық республикасы» мен «Луганск халық республикаларына» жіберу ықтималдығы туралы мәселеге түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл іс жүзінде мүмкін емес. Оны жіберу үшін арнайы резолюция бар, БҰҰ қауіпсіздігінің арнайы мандаты бар. Сол себепті бұл мәселе [күн тәртібінде] тұрған жоқ, – деді министр.

    Өткен аптада мәжіліс Ресеймен әскери ынтымақтастық орнату туралы келісімді ратификациялаған. Сейсенбі күні журналистер министрге «осы келісімге сәйкес, Қазақстан Ресейге әскери көмек жіберуі мүмкін бе?» деген сұрақ қойды.

    «Аталған келісім тек әскери-техникалық ынтымақтастықты қарастырады» деді министр. «Ең біріншіден, ол әскери техниканы сатып алу, бірге әскери жаттығулар өткізу, сондай шараларды көздейді» деп жауабын нақтылады.

    Бір күн бұрын Ресей президенті Владимир Путин Украина шығысындағы сепаратистік республикалардың тәуелсіздігін мойындау туралы қаулыға қол қойып, әскер жіберу туралы бұйрық берген. НАТО Ресейдің шешімін айыптап, Мәскеу «Украина шығысындағы қақтығысты ушықтырып, Украинаны басып алуға сылтау іздеп отыр» деп мәлімдеді. БҰҰ Ресейдің сепаратистік республикалар тәуелсіздігін мойындау туралы шешіміне алаңдаушылық білдіріп, Украина тұтастығын қолдай беретінін мәлімдеді.

    Украина президенті Владимир Зеленский «мәселені дипломатиялық жолмен реттеу саясатын ұстанып, арандатуға ермейміз» деп мәлімдеді. «Украинаның өз шекарасын қорғауға құқығы бар» деді ол. Украина бас прокуратурасы «билік өкілінің мемлекет шекарасын өзгертуге шақыруына тыйым салатын» бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →