Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 448,5↓€ 501,6↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Рим Папасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен күздің алғашқы айында Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды qazaq.today сайты «Борт №1» Telegram-каналына сілтеме жасап.

    Рим Папасы Қазақстанға 13-15 қыркүйекте келеді. Сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнебайланыс режимде Рим Папасы Францискпен келіссөз жүргізгенін жазған едік. Кездесу барысында Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары, сондай-ақ конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілету мәселелері талқыланды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →