Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өзбекстан әйгілі Аргентина құрамасымен футболдан кездесу өткізеді «Арамыз 18 жас»: Шахизаданың сүйіктісі туралы айтқан сұхбаты тарады «Бизнес-класс» деп сатылған үйдің сиқы осы ма?: Астанада BI Group тұрғындары құрылыс сапасына шағымданды Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерге үндеу жасады Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Өзбекстан әйгілі Аргентина құрамасымен футболдан кездесу өткізеді «Арамыз 18 жас»: Шахизаданың сүйіктісі туралы айтқан сұхбаты тарады «Бизнес-класс» деп сатылған үйдің сиқы осы ма?: Астанада BI Group тұрғындары құрылыс сапасына шағымданды Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерге үндеу жасады Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады

    Президент сөгіс жариялаған министрлер айтылған сынға қатысты пікір білдірді

    Премьер-министрдің орынбасары — сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды qazaq.today сайты Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

    «Сұрақтар әділ қойылды. Өте дұрыс сын айтылды. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Қызметіміздің тиімділігін арттыру бойынша міндет қойылды. Ауыл шаруашылығы министрлігімен іс-шаралар әзірледік, сіздердің алдарыңызда да, Мемлекет басшысының алдында да баяндаймыз», — деді Сұлтанов ОКҚ брифингінде.

    Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев те осындай пікір білдірді.

    «Мемлекет басшысы жариялаған сөгісі әділ болды. Жұмысымызда кемшіліктер болғанын білеміз. Өз баяндамамда қант нарығында объектив және субъектив факторлар болғанын көрсеттім. Қазір оны түзету әрі жұмыс тиімділігін арттыру үшін барлық қажет шараны қолданып жатырмыз», — деді министр.

    Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары — сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →