Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерге үндеу жасады Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты Леңгірде түнгі уақытта тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған екі адам қолға түсті (ВИДЕО) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік жағдайымен танысты Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерге үндеу жасады Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты Леңгірде түнгі уақытта тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған екі адам қолға түсті (ВИДЕО) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік жағдайымен танысты

    Кремль Путиннің денсаулығына қатысты сұраққа жауап берді

    Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің денсаулығына қатысты ақпараттарға пікір білдірді, — деп хабарлайды qazaq.today сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

    «Оның денсаулығы жақсы. Америкалық және ұлыбританиялық, сондай-ақ украиналық ақпарат «сарапшылары» соңғы айларда президенттің денсаулығы туралы түрлі «өсек-аяң» таратып жатқанын білесіздер. Бұл «өсек-аяңнан» басқа ештеңе емес. Біз бұл туралы айтып жүрміз», — деді Песков.

    Бұл ретте АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының басшысы Уильям Бернс Ресей басшысының денсаулық жағдайын «сап-сау» деп бағалады.

    «Президент Путиннің денсаулығына қатысты көптеген қауесет бар. Бірақ біздің білуімізше, ол сап-сау. Бұл барлау қызметінің бейресми бағалауы», — деп келтіреді агенттік Бернстің Аспен форумында сөйлеген сөзін.

    19 шілдеде Владимир Путин жұмыс сапарымен Иран астанасы Тегеранға барды. Батыс ақпарат құралдары Ресей президенті журналистердің сұрағына жауап беру кезінде жиі жөтелгеніне назар аударған.

    Кейінірек Владимир Путин Тегерандағы аптап пен желдеткішке шағымданған. Президенттің баспасөз хатшысы да Иранға сапары кезінде желдеткіш астында дауысы қарлығып қалғанын айтты.

    «Желдеткішке келетін болсақ, иә, шынымен ыстық, көшеде 40 градус, желдеткіш астында салқын, менің де дауысым қарлығып, менде де солай болды. Делегациядағы басқаларды білмеймін, бірақ мұндай болады, бұл ештеңе емес, бәрі жақсы», — деді Дмитрий Песков.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →