Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты • Астанада ер адамды үш метрлік траншеядан экскаватормен шығарды • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты • Астанада ер адамды үш метрлік траншеядан экскаватормен шығарды •

    Тоқаев Орталық Азия елдерін күш біріктіруге шақырды

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерін мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты бұзу әрекеттеріне қарсы күресте күш біріктіруге шақырды, — деп хабарлайды qazaq.today сайты Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

    Тоқаевтың айтуынша, бүкіл аймаққа зиян келтіретін ақпараттық кеңістіктегі жағымсыз құбылыстардың алдын алу үшін күш-жігер біріктірген жөн.

    «Мемлекетаралық және этносаралық араздықты қоздыру арқылы елдерімізді алалауға және қарым-қатынастарымызға сызат түсіруге бағытталған кез келген әрекетке төтеп беру үшін бірігуіміз қажет», — деді Тоқаев мемлекет басшыларының IV консультативтік кеңесінде.

    Тоқаевтың айтуынша, өкінішке қарай, әлі күнге дейін бұқаралық ақпарат құралдары аймақ елдерінде болып жатқан оқиғалар туралы жаңалық тарату жағынан ақсап тұрғаны байқалады.

    «Мүмкіндігінше, бұл үрдісті өзгерту керек. Бәлкім, бүкілаймақтық телеарна немесе ақпараттық интернет-сайтын ашқан жөн болар. Осы мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтау үшін Орталық Азияның салалық мекемелері мен ақпараттық агенттіктері басшыларының жиынын тұрақты түрде өткізіп отыру пайдалы болмақ», — деп қосты Қазақстан Президенті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →