Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерге үндеу жасады Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты Леңгірде түнгі уақытта тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған екі адам қолға түсті (ВИДЕО) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік жағдайымен танысты Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерге үндеу жасады Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты Леңгірде түнгі уақытта тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған екі адам қолға түсті (ВИДЕО) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік жағдайымен танысты

    Қайрат Құдайберген депутаттық мандатынан айырылды

    Алматыда мәслихат депутаттарының құрамы өзгерді, — деп хабарлайды qazaq.today сайты Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

    20 шілдеде Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтіп, онда түскен өтініштерге сәйкес 11 депутатты алмастыру (ротация) жүргізілген.

    «Алмастыру мандаттарды қайта бөлу және берілген өтініштерге сәйкес М.А. Әділхановты, Л.Е. Ибрагимованы, Е.З. Талбидиновты, Қ.Қ. Сәрсенбайды, А.А. Жүдебаевты, М.М. Зулеевті, Р.Ч. Бөлекбаеваны, Ә. Құрманбекті партиялық резервке қосу есебінен болды. Сондай-ақ, партиялар тарапынан өз құрамынан келесі мүшелер шығарылды: Қ.Қ. Құдайберген Amanat партиясынан, А.Б. Абылқасымова Қазақстан Халық партиясынан және А.Т. Шапенов Қазақстан Халық партиясынан (өз қалауы бойынша)», — делінген хабарламада.

    Мына депутаттарға жаңа мандаттар берілген:

    • Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы — М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, Amanat партиясының мүшесі.
    • Тайтөлеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы — Алматы энергетика және электрондық технологиялар колледжінің директоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Amanat партиясының мүшесі.
    • Жандай Сана Шайханқызы — ADANAZ ЖШС директоры, Amanat партиясының мүшесі.
    • Жұмабаев Бақытбек Әшімұлы — «Жан-М» ЖШС бас директоры, Қазақстанның көгалдағы хоккей Федерациясының вице-президенті, Amanat партиясының мүшесі.
    • Қарағұлов Ерұлан Серікұлы — «Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі» КМҚК директоры, Amanat партиясының мүшесі.
    • Котенев Артур Эдуардович — AlmatyEngineering ЖШС директоры, Amanat партиясының мүшесі.
    • Шамова Арайлым Мәтжанқызы — «№201 мектеп-гимназия» КММ директоры, Amanat партиясының мүшесі.
    • Ерлан Диана Ерланқызы — Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің, Отбасы, әйелдер істері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Республикалық кеңестің мүшесі, Amanat партиясының мүшесі.
    • Рамазан Бекбол Батыржанұлы — Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол академиясының проректоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Amanat партиясының мүшесі.
    • Сұлтанғалиев Тамерлан Мэлсұлы — «Қазақстан Халық партиясы» Алматы қалалық филиалының төрағасы, «Қазақстан Халық партиясы» партиясының мүшесі.
    • Мұхамедғалиев Талғат Аблайұлы — «Тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау одағы» РҚБ Алматы филиалының басшысы, «Қазақстан Халық партиясы» партиясының мүшесі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →