Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кети Топурия қазақ тілінде ән орындап, желіде түрлі пікір тудырды Қазақстанда 20 тамыздан бастап смартфондарды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады Кәмшат Жолдыбаева ана атанғанын растап, жеке өмірі жайлы сыр шертті Испания королі VI Фелипе Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады Жолбарыс пен қабанның түнгі айқасы желіде талқылануда Баланы сүндеттеу: медициналық көрсетілімдер, заманауи әдістер және ота алдындағы тексеру Кети Топурия қазақ тілінде ән орындап, желіде түрлі пікір тудырды Қазақстанда 20 тамыздан бастап смартфондарды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады Кәмшат Жолдыбаева ана атанғанын растап, жеке өмірі жайлы сыр шертті Испания королі VI Фелипе Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады Жолбарыс пен қабанның түнгі айқасы желіде талқылануда Баланы сүндеттеу: медициналық көрсетілімдер, заманауи әдістер және ота алдындағы тексеру

    Алматыда адвокат Бұрхан Жансейітов ұсталды

    Алматыда адвокат Бұрхан Жансейтов ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлім етті, — деп хабарлайды qazaq.today сайты Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

    «Адвокат Бұрхан Жансейітов құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған қызметіне кедергі келтіргені үшін ұсталды», — делінген хабарламада.

    ҚМА мәліметінше, бұған дейін рейдерлік жолмен бөтеннің мүлкін басып алумен айналысқан бір топ адамға қатысты тергеу нәтижелері туралы хабарланған болатын.

    «Осы топтың мүддесін қорғаған адвокат Жансейітов Бұрханның мінез-құлқы айғақ. 12 шілдеде күдіктілерді жасырын бақылау жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат алған Жансейітов құқық қорғау органы іс-әрекетіне кедергі жасау мақсатында мақсатты түрде арандатушылық әрекет ұйымдастырған», — деді ведомство өкілдері.

    ҚМА мәліметінше, адвокат жедел қызметкерлер көлігін бөгеп, алдыңғы дөңгелегін тесіп, әйнекті сындырмақ болып, қызметкерлерді әдейі жанжалға арандатқан. Жансейтов әдепсіз сөздер айтып, көліктегі қызметкерлерді күш қолданамын деп қорқытқан. Ол оқиға орнына келген полиция қызметкерлері талабына немқұрайлық танытып, олардың қызметтік міндетін орындауына кедергі жасаған. Оның үстіне ол ҚМА жедел қызметкерінің бетінен бірнеше рет ұрып, дене жарақатын салған.

    «Жансейітов басқа адвокаттармен тергеуге кедергі жасау және жалған қоғамдық пікір тудыру мақсатында адвокаттарды бақылауға алу туралы шындыққа сәйкес келмейтін жағдайды ұйымдастырды. Бұл «спектакль» телеграм-арналардың бірінде мақсатты түрде көрсетілді. Бұрынғы полиция қызметкері ретінде Жансейітов жедел іс-шараларды құпиясыздандырудың салдары мен жасырын қызметкердің жеке басы туралы жақсы біледі», — деді ҚМА өкілдері.

    Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында белгілі кәсіпкерлік құрылымдарды ұзақ уақыт бойы рейдерлік басып алуды іске асырған бір топ тұлғалар әрекетінің жолын кескені хабарланған болатын.

    Ескерту: Суреттер Тенгриньюс.кз сайтындағы бейнематериалдан скринделді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →