Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кети Топурия қазақ тілінде ән орындап, желіде түрлі пікір тудырды Қазақстанда 20 тамыздан бастап смартфондарды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады Кәмшат Жолдыбаева ана атанғанын растап, жеке өмірі жайлы сыр шертті Испания королі VI Фелипе Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады Жолбарыс пен қабанның түнгі айқасы желіде талқылануда Баланы сүндеттеу: медициналық көрсетілімдер, заманауи әдістер және ота алдындағы тексеру Кети Топурия қазақ тілінде ән орындап, желіде түрлі пікір тудырды Қазақстанда 20 тамыздан бастап смартфондарды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады Кәмшат Жолдыбаева ана атанғанын растап, жеке өмірі жайлы сыр шертті Испания королі VI Фелипе Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады Жолбарыс пен қабанның түнгі айқасы желіде талқылануда Баланы сүндеттеу: медициналық көрсетілімдер, заманауи әдістер және ота алдындағы тексеру

    Телефонмен сөйлескен ақтөбелік әжей 24 млн теңгесінен айырылып қалды

    66 жастағы ақтөбелік алаяқтардың құрбаны болды. Оны өзін банк қызметкері ретінде таныстырған бейтаныс адам алдап соққан, деп хабарлайды qazaq.today сайты kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

    Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, шілде айында Ақтөбе қаласының тұрғынына бейтаныс адам қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Содан кейін әжейді шотын алаяқтардан қорғауға шақырып, мұның әдеттегідей операция екенін жеткізген. Бұнымен қоймай ер адам құрбанынан депозиттегі барлық жинағын көрсеткен қауіпсіз шотқа жіберуді өтінеді. Кейінірек ол басқа ұсыныспен хабарласып, алаяқты ұстау үшін жылжымайтын мүлкін сатуын сұрайды. Оның барлық ұсынысына келіскен ақтөбелік әже 24 млн теңгеден астам қаржысынан айырылып қалды. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →