Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырғандар сотталды Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды «Байтақ» съезінде өзінің партияластары Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО) Ақтаудағы атыс: дәмханада жігіті елдің көзінше атып кетті (ВИДЕО) 3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырғандар сотталды Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды «Байтақ» съезінде өзінің партияластары Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО) Ақтаудағы атыс: дәмханада жігіті елдің көзінше атып кетті (ВИДЕО)

Қазақстан мен Ресей қандай келісімге келді? Кім ұтты, кім ұтылды?

Каспий құбыр консорциумы жұмысын жалғастырады. Краснодар соты КТК жұмысын тоқтату туралы шешімнің күшін жойды. Оның орнына компанияға 200 мың рубль (шамамен 1,5 миллион теңге) айыппұл салынды.

Бұл әрине, КТК үшін ойыншық сома. Әңгіме басқада. Ресей өз шешімін неге өзгертті?

«DALA инсайд» телеграм каналы дереккөзінің мәліметінше, Ресейдің санкция ауыр тиіп жатқан өндірістік және технологиялық секторларына Қазақстанның көмегі ауадай қажет.

Және кей жағдайларда, Ресейге Қазақстанның тасымалдау процессін тексеру бағытында аса белсенді болмағаны керек. Сонымен бірге, Ресей Қазақстанның ОДКБ мен ЕАЭО-дан шықпайтыны бойынша ауызша болса да уәдесін алып отыр.

Ресей осындай жолмен өзіне біршама преференция алды. Бірақ мұнай логистикасы шантажының ғұмыры қысқа. Қазақстан Ресейге деген барлық сенімін жоғалтты. Сондықтан Транскаспийлік жобаны 2-3 жыл ішінде толық жүзеге асырғысы келеді. 2-3 жылдан кейін Новороссийскідегі құбырлар мен порттардан Қазақстан өз еркімен, ал онымен бірге Шеврон сынды ірі ойыншылар да кете бастайтынын болжауға болады.

Дала инсайд

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика