Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Пәкістанмен сауда ұлғаймақ: Қазақстанда тауар бағасы арзандай ма? • Бакуден Ереванға дейін: Тоқаевтың Қатар және Израиль басшыларымен кездесуі мен Каспий итбалығы үшін үндеуі • СҚО-да белгісіз сусын ішкен екі ер адам қайтыс болды • «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті • Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімі заңсыз шығарылған • Пәкістанмен сауда ұлғаймақ: Қазақстанда тауар бағасы арзандай ма? • Бакуден Ереванға дейін: Тоқаевтың Қатар және Израиль басшыларымен кездесуі мен Каспий итбалығы үшін үндеуі • СҚО-да белгісіз сусын ішкен екі ер адам қайтыс болды • «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті • Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімі заңсыз шығарылған •

    Дариға Назарбаева Мәжіліс отырысына қатыспады: Парламентте мұның себебін атады

    Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева сәрсенбі, 16 ақпанда өткен пленарлық отырысқа қатыспады. Парлманетте депутаттың әлі де жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында екенін айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

    “Депутат жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында”, – деп мәлімдеді мәжілістің баспасөз қызметіндегілер.

    Бұған дейін Дариға Назарбаеваның коронавирус инфекциясын жұқтырған соң қалпына келуі үшін қаңтар айының соңына дейін демалыста болатыны айтылған еді.

    Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева парламент отырысына жыл басынан бері қатыспаған. Ол жаңа премьер-министр таныстырылған мәжіліс отырысында да болмаған.

    Мәжілістің жетінші шақырылымында Назарбаева Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды. Комитет басшысы Альберт Рау Дариға Назарбаеваның еңбек тәртібін бұзбағанын және тек нақты себептермен ғана жұмыста болмағанын айтқан.

    Еске салайық, мәжіліс депутаты Айдос Сарым Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуі керек екенін айтқан еді. Неліктен отставкаға кетуі керек деген сұраққа Сарым Қазақстандағы қаңтар оқиғалары оның есімімен тікелей байланысты деп жауап берді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →