Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Чемпиондар лигасы-2026/27: «Сабах» «Барселона» және «Арсенал» клубтарымен кездеседі Үлкен Алматы көлі маңында тау жыныстары құлады Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қайтыс болуы: сотта жаңа куәгерлер сұралды OpenAI зерттеушісі: өте жылдам AI қауіпсіздік қызметтерін артта қалдыруы мүмкін Еркебұлан Тоқтар кәсіби бокстағы жоспарын мәлімдеді Ақтөбеде жалған неке арқылы 50 млн теңге алған әскери қызметкер сотталды Чемпиондар лигасы-2026/27: «Сабах» «Барселона» және «Арсенал» клубтарымен кездеседі Үлкен Алматы көлі маңында тау жыныстары құлады Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қайтыс болуы: сотта жаңа куәгерлер сұралды OpenAI зерттеушісі: өте жылдам AI қауіпсіздік қызметтерін артта қалдыруы мүмкін Еркебұлан Тоқтар кәсіби бокстағы жоспарын мәлімдеді Ақтөбеде жалған неке арқылы 50 млн теңге алған әскери қызметкер сотталды

    Қазақстанда тағы бір жаңа министрлік құру ұсынылды

    Депутат бүгінде су саласының бағыттарын басқару мен реттеу 3 министрлікке бөлініп берілгенін атап өтті

    Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Қазақстанда су мәселесіне жауапты жаңа министрлік құруды ұсынды, деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі Halyq Unі сайтына сілтеме жасап.

    Оның пікірінше, елімізде су ресурстарының потенциалы әлі толық зерттелмеген, бағаланбаған.

    «Осыған байланысты Экология министрлігінде дайындалып жатқан су тұжырымдамасының горизонтын 2025 жылға дейін емес, 2030 жылға дейін ұзарту керек. Бұл құжатты дайындауға, талқылауға арнайы ғылыми зерттеу институттары мен мамандарды кеңінен тартқан жөн», — деді Еділ Жаңбыршин Мәжілісте өтіп жатқан Парламанттік тыңдауда.

    Депутат бүгінде су саласының бағыттарын басқару мен реттеу 3 министрлікке бөлініп берілгенін атап өтті.

    «Тіпті трансшекаралық су ресурстарымен Сыртқы істер министрлігі де айналысып кетеді. Бақташы көп, нәтижесі мардымсыз. Көрші мемлекеттерді алып қарасақ, оларда су шаруашылығымен тиісті министрлік немесе агенттік айналысып отыр. Бұл мәселенің өзекті екенін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов атап өтті. Сондықтан су саласына жауапты және Қазақстан атынан халықаралық деңгейде келіссөздер жүргізетін тиісті министрлік құрудың уақыты келген сияқты», — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →