Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті • Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімі заңсыз шығарылған • Құрылтайдың жаңа депутаты ант берді • Қазақстан Азия Пара ойындарында алғаш рет пара садақ атудан медаль жеңіп алды • Қазақстан құрамасы пара велоспорттан алтын медаль жеңіп алды • «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті • Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімі заңсыз шығарылған • Құрылтайдың жаңа депутаты ант берді • Қазақстан Азия Пара ойындарында алғаш рет пара садақ атудан медаль жеңіп алды • Қазақстан құрамасы пара велоспорттан алтын медаль жеңіп алды •

    Утилизациялық алым ақшасы автонесиеге жұмсалуы мүмкін

    Khabar.kz хабарлағандай, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев мекеменің жоспарына қатысты ақпарат берді. Ол президент автокөліктің ел тұрғындарына қолжетімді болуын қаматамасыз етуді тапсырғанын мәлімдеді, сондықтан билік жеңілдікті автонесие беру бағдарламасын қайта іске қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

    – Қазір бұл бағдарламаға қаражат бөлінген жоқ, ал қолда бар ақша айналымда және жетпейді. “ӨКМ операторының” шотындағы ақшаны халыққа 4 %-бен несие беру үшін қолдану ұсынылды. Егер бұрын осы бағдарламаға қатысу үшін 20 % көлемінде алдын ала төлем сұралса, енді оны алып тастау мүмкіндігін талқылап жатырмыз, – деді М. Қарабаев.
    Біраз уақыт бұрын шенділер “ӨКМ операторы” шотында 220 млрд теңгеден аса ақша барын айтқан еді.

    Вице-министр жұмыс тобы утильдік алымның жаңа мөлшерін талқылауды бастағанын атап өтті.

    – Біз сектор бойынша қарастыра бастадық. Яғни, кабельді-өткізгішті өнімдер, автомобиль өндірісі және ауылшаруашылық техникасы бөлек-бөлек қаралады. Кейбір санаттар үшін алым сомасы 20 %, елде шығарылмайтын техника үшін 30–40 %-ға дейін төмендейді деген болжам бар. Бұл мәселе қазір талқыланып жатыр, – деді М. Қарабаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →