Алматыда Болат Назарбаевтың бейнесі түсірілген сағат 600 мың теңгеге сатылуда
Алматыда Болат Назарбаевтың портреті бар Limited Edition сағаты 600 мың теңгеге сатылуда. Сатушы құжаттарымен бірге жеке кездесуді ұсынады.
Фото: OLX
Алматыда 600 мың теңгеге Болат Назарбаевтың портреті бар қол сағаты сатылымға шығарылды. Сағаттың қара циферблатына Назарбаевтың суреті салынған. Артқы қақпағында Bolat Nazarbayev деген жазу, «55 ЛЕТ» және «23 марта 2008 года» деген жазулар бар. Сағат кварц механизмімен және былғары баумен жабдықталған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Limited Edition белгісі мен 45/55 нөмірі 55 сағаттан тұратын серияның 45-ші данасын көрсетуі мүмкін. Алайда бір ғана белгімен жалпы тиражын растауға болмайды.
«Сохранились как памятный экземпляр. Есть сертификат/документ, подтверждающий происхождение подарка», – деп жазды сатушы.
Ол сатып алушыға сағат пен құжаттарды көру үшін жеке кездесуді ұсынды. Хабарландыру авторы естелік сағатты кім жасағанын және оны алғаш кімге сыйлағанын нақтыламады. Сағаттың түпнұсқалығы мен шығу тегі бөлек тексеруді қажет етеді.
Сондай-ақ оқыңыз: Көп әйелді және Елбасының ағасы: Болат Назарбаев артында қанша әйел мен бала қалдырды
