Көліктің сау-тамағын қалдырмайтын жол: Қарағандыда шұңқырдан көз ашпаған жүргізушілер әкімдіктен нақты әрекет талап етуде
Фото: видеодан скрин
Жолдағы мына ойық-шұңқырлардың пайда болғанына біршама уақыт өтсе де, әкімдік тарапынан ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмей отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Күнделікті осы жолмен өтетін жүргізушілер ақаулы аумақты айналып өтемін деп әбден әлекке түседі. Бұл тек қозғалысты қиындатып қана қоймай, көліктердің бөлшектерін қиратып, апатты жағдай туғызуда. Тұрғындар мен жүргізушілер жергілікті биліктен бұл мәселеге шұғыл назар аударып, жол төсемін ретке келтіруді талап етеді. Оқырмандар болса «бұған бөлінетін бюджет қайда кетіп жатыр?» деп ашуға басуда. Әкімдік өкілдері бұл мәселені қашан шешетіні әлі белгісіз.
Видео: @massimo19688691
