Әлеуметтік желілерде рэпер NAVAI-дің қамаудан босатылып, Ресейге кеткені туралы ақпарат тарады.
Біз ресми түсініктеме алу үшін Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне хабарластық. Олар қылмыстық іс сотқа берілмегенін мәлімдеп, сауалды тергеу органдарына немесе прокуратураға жолдауды ұсынды.
Полиция музыкантқа қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданғанын растады.
«Ресейлік рэперге қатысты қылмыстық іс, қылмыстық-процессуалдық заңнама талаптарына сәйкес, шын өкінуі және оның алғашқы қылмысы екендігі ескеріле отырып, ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды», — деп мәлімдеді департамент.
Полицияның мәліметінше, процессуалдық шешімді қадағалау органы бекіткен. Шетелдік азамат Қазақстаннан депортацияланды.
