Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты • Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Шакираның Бішкектегі концерті қалай өтті? • Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты • Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Шакираның Бішкектегі концерті қалай өтті? •

    Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті

    Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті

    Фото: видеодан скрин

    Қазақстанда өндірілген Coca-Cola халықаралық деңгейде танымал тұлғалардың қызығушылығын тудырды. Бұған CCI Kazakhstan компаниясының Coca-Cola жүйесіндегі беделді Candler Cup байқауында жеңіске жетуі және қазақстандықтардың әлеуметтік желідегі бастамасы себеп болған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Компанияның мәліметінше, CCI Kazakhstan Candler Cup байқауында жеңімпаз атанып, әлемдегі үздік Coca-Cola өндірушісі деп танылды. Бұл жаңалық кәсіби ортада ғана емес, әлеуметтік желілерде де қызу талқыланды.

    Қазақстандық тревел-блогер Дастан Мұхамедрахим World’s Best from Kazakhstan атты бейнеролик жариялап, отандық компанияның халықаралық жетістігі туралы айтып берген. Жазба визуалды иллюзиялар мен монтаждық трюктер арқылы танымал америкалық блогер Зак Кингтің назарына іліккен. Оның әлеуметтік желілердегі жалпы аудиториясы 160 миллионнан асады.

    Зак Кинг бейнероликке пікір қалдырып, Қазақстанда шығарылған Coca-Cola-ның дәмін татып көргісі келетінін жазған. Бұған қазақстандық желі қолданушылары да үн қосып, компаниядан сусынды блогерге жеткізуге көмектесуді сұраған.

    Нәтижесінде Зак Кингке арнайы сыйлық әзірленді. Қораптың сыртына бастаманы қолдап, талқылауға қатысқан қазақстандықтардың есімдері жазылды. Осылайша сыйлық тек компания атынан емес, отандық өнімді шетелдік блогерге таныстыруға атсалысқан желі қолданушыларының ортақ бастамасына айналды.

    Оқиғаның жалғасы Мадридте өтті. Испания астанасында CCI Kazakhstan компаниясының Candler Cup байқауындағы жеңісіне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Сапар барысында қазақстандық делегация әйгілі футбол бапкері Жозе Моуриньомен кездескен.

    Компания өкілдерінің айтуынша, Моуриньо Қазақстанға қызығушылық танытқан. Оған елімізде өндірілген Coca-Cola арнайы сый ретінде табысталды.

    Сыйлық футбол маманының танымал The Special One лақап атымен байланысты ерекше әзілмен ұсынылған. Қорапқа «A special one for the Special One», яғни «Ерекше тұлғаға арналған ерекше сусын» деген жазу қосылған.

    Бұдан бөлек, Жозе Моуриньоға қазақтың дәстүрлі зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақ тарту етілді. Бұл сыйлық кездейсоқ таңдалмаған. Компания өкілдері футбол мен тоғызқұмалақты стратегиялық ойлау, тактика құру, есептеу және бірнеше қадамды алдын ала жоспарлау қабілеті байланыстыратынын атап өтті.

    CCI Kazakhstan өкілдері шетелдік танымал тұлғалардың қазақстандық өнімге қызығушылығын компанияның халықаралық деңгейдегі жетістігімен байланыстырады. Олардың айтуынша, Candler Cup байқауындағы жеңістің артында Қазақстандағы Coca-Cola өндірісін қамтамасыз етіп отырған жергілікті мамандардың еңбегі тұр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →