Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Жол қашан жөнделеді?»: Атбасарда жылу құбырын тартқаннан кейін көше батпаққа айналған • Астанада тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жүріп жатыр: рұқсат құжаты бар ма? • Украинадағы соғыс пен Кенесарының бас сүйегі: Уәлихан Қайсаров өткір мәселелерді көтерді • Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді • «Қызығы біткен сияқты»: Жігер Ауыпбаевтың әйеліне қарым-қатынасы сөз болды • Сәтбаев қаласында өрт шығып, 14 адамды эвакуациялады • «Жол қашан жөнделеді?»: Атбасарда жылу құбырын тартқаннан кейін көше батпаққа айналған • Астанада тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жүріп жатыр: рұқсат құжаты бар ма? • Украинадағы соғыс пен Кенесарының бас сүйегі: Уәлихан Қайсаров өткір мәселелерді көтерді • Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді • «Қызығы біткен сияқты»: Жігер Ауыпбаевтың әйеліне қарым-қатынасы сөз болды • Сәтбаев қаласында өрт шығып, 14 адамды эвакуациялады •

    Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді

    19 қазанда Халық Қаһарманы, Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен офицер Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді. Оның өмірбаяны мен ерлігі туралы.

    Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді

    Сурет: sn.kz

    Бүгін — Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні. 19 қазанда қазақтың даңқты батыры, Рейхстагқа Жеңіс туын алғашқылардың бірі болып тіккен офицер Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ол 1924 жылы Ақмола облысының Целиноград ауданында дүниеге келген. 1942 жылы әскерге алынып, 1944 жылы Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген.

    1944 жылы қазан айынан бастап 1-Беларусь майданындағы Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында 150-ші взводты басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі шайқастарға қатысты.

    Лейтенант Р. Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30 сәуірде ол жауынгер Г. Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алғаш болып Жеңіс туын тікті.

    Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды. 1947-1967 жылдары Ақмола облыстық атқарушы комитетінің нұсқаушысы, Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармасының инспекторы болды. 1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры қызметін атқарған.

    Қызыл Ту, І дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, көптеген медальмен марапатталған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →