Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Шакираның Бішкектегі концерті қалай өтті? • Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды • «Қыздар жабысып, өздері жүгірді»: Мейрамбек Беспаевтың әйелі күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Шакираның Бішкектегі концерті қалай өтті? • Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды • «Қыздар жабысып, өздері жүгірді»: Мейрамбек Беспаевтың әйелі күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады •

    Украинадағы соғыс пен Кенесарының бас сүйегі: Уәлихан Қайсаров өткір мәселелерді көтерді

    Украинадағы соғыс пен Кенесарының бас сүйегі: Уәлихан Қайсаров өткір мәселелерді көтерді

    Фото: видеодан скрин

    Қоғам қайраткері, экономист әрі саясаткер Уәлихан Қайсаров «Қасқа жол» бағдарламасына берген сұхбатында Қазақстан әскерін жаңғырту, Украинадағы соғысқа қатысып жүрген қазақстандықтар және Кенесары ханның бас сүйегін елге қайтару мәселелері туралы пікір білдірді. Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оның айтуынша, қазіргі заманғы соғыс жағдайында әскерді жаңа технологиялармен жабдықтап, кәсіби мамандар даярлауға басымдық беру қажет.

    «Бұрынғы автомат ұстайтын заман бітті. Қазір дрондар мен зымырандарды меңгеру керек. Әскерде келісімшарт негізінде қызмет ететін, арнайы даярланған мамандар болуы қажет. 18 жастағы балалардан пайда жоқ», – деді ол.

    Сондай-ақ саясаткер Украинадағы соғысқа қатысып жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты пікірін білдірді. Оның сөзінше, өзге елдің мүддесі үшін ақшаға соғысуға барған азаматтардың әрекетін ақтауға болмайды.

    Бұдан бөлек, Уәлихан Қайсаров Кенесары ханның бас сүйегін Қазақстанға қайтару мәселесіне тоқталды. Ол Қырғызстан өкілдерімен осы тақырыпта болған әңгімені еске алып, тарихи тұлғаның бас сүйегін Ресейге беруге қатысты наразылығын жеткізгенін айтты.

    «Біз сіздерге ренжіген жоқпыз. Сол басын Ресейге сатып жібергендеріңізге наразы болдық. Ол бізге көрсетіліп отырған қорлық», – деген сөзімді жеткіздім, – деді ол.

    Қайсаровтың айтуынша, бүгінде Кенесары ханның бас сүйегін елге қайтару үшін алдымен оның нақты қайда екенін анықтау қажет. Саясаткердің сөзінше, делдал табылғанымен, қажетті қаражатты жинау мәселесі шешілмеген.

    «Қазір ең басты мақсатымыз – Кенесары ханның бас сүйегін алып келу. Бірақ алып келудің алдында оны табу керек. Делдалды таптық, бірақ жеткілікті қаражат таба алмадық. Бұған қаражат бөлетін ешкім табылған жоқ. Алып келуде мәселе жоқ. Басты мәселе бізде», – деді Уәлихан Қайсаров.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →