Солтүстік Қазақстан облысында екі орман өрті сөндірілді
2026 жылғы 16 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік орман қорында екі өрт ошағы анықталып, жедел сөндірілді. Азаматтарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырамыз.
Сурет: istockphoto
2026 жылғы 16 қазанда еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 2 орман өрті тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысында анықталған екі өрт ошағы мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеуі барысында белгілі болды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Жедел әрі үйлесімді іс-қимылдың арқасында өрттер кең аумаққа таралмай, қысқа уақыт ішінде оқшауланып, толық сөндірілді.
Азаматтарды өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.
