Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы • Қазақ ұлттық спорт университетінің негізін қалаушы оқу орнын мемлекетке сыйлауға шешім қабылдады • Дариға Бадықова Олжас Абайдың үйлену ұсынысын қалай жасағанын айтты • Бельгия королевасы Астанада қазақ зергерінің гауһар сырғасын тақты • Түркістанда «Кітаппен кемелденген ұлт» дөңгелек үстелі өтті • Ұлттық ғылым академиясы 80 жылдығын атап өтті: Тоқаевтың құттықтауы оқылды • Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы • Қазақ ұлттық спорт университетінің негізін қалаушы оқу орнын мемлекетке сыйлауға шешім қабылдады • Дариға Бадықова Олжас Абайдың үйлену ұсынысын қалай жасағанын айтты • Бельгия королевасы Астанада қазақ зергерінің гауһар сырғасын тақты • Түркістанда «Кітаппен кемелденген ұлт» дөңгелек үстелі өтті • Ұлттық ғылым академиясы 80 жылдығын атап өтті: Тоқаевтың құттықтауы оқылды •

    Дариға Бадықова Олжас Абайдың үйлену ұсынысын қалай жасағанын айтты

    Дариға Бадықова Олжас Абайдың үйлену ұсынысын қалай жасағанын айтып, қарым-қатынастарының қиын кезеңдері мен татуласу сәттерін әлеуметтік желіде бөлісті.

    Дариға Бадықова Олжас Абайдың үйлену ұсынысын қалай жасағанын айтты

    Сурет: Әлеуметтік желіден

    Актриса Дариға Бадықова актер Олжас Абайдың үйленуге қалай ұсыныс жасағанын айтып, екеуінің қарым-қатынасына қатысты естеліктерімен бөлісті. Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында олардың махаббаты бірден басталмағанын жеткізді. Айтуынша, екеуінің де мінезі мен өз ұстанымы болғандықтан, қарым-қатынастың алғашқы кезеңі оңай өтпеген.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Жалпы, біз кездескен күннен бастап бірден ғашық болған жоқпыз. Тек жұмыс, түсірілім деп жүрдік. Күнде ұрысып қалатынбыз. Ол да қайтпайды, мен де қайтпаймын. Жылдар өте, уақыт өте келе эмоцияны ақылға сала бастадық», – деп жазды актриса.

    Дариға Бадықованың сөзінше, екеуі бір-бірін жақсы көрсе де, араларында түсініспеушіліктер жиі болған. Тіпті кейде бір-бірін әлеуметтік желіде бұғаттап тастаған кездері де болыпты. Ал Олжас Абай ренжіскен сайын сүйіктісіне сақина, сырға мен гүл сыйлап, татуласуға тырысқан.

    Актриса олардың үйлену туралы шешімді де бірден қабылдамағанын айтты. Жауапкершіліктен қорыққан екеуі бір кездері қарым-қатынасты тоқтатуға бел буған.

    «Бір күні отырып сөйлестік. “Болды, осымен тоқтатайық” дедік. Екі жаққа кеттік. “Қой, құрсын, өз-өзімізді қолға алайық” деп, сылтау іздедік. Бірақ өзімізді қолға ала алмай жүрген адамдар сияқты», – деп еске алды ол.

    Бадықованың айтуынша, бір-бірін ұмытуға тырысқанымен, сезімдері басым түскен. Сол кезде екі қалада жүрген олар біраз уақыт бөлек болған. Актриса Бали аралынан Дубайға ұшып барып, сүйіктісін ұмытуға тырысқанын жеткізді.

    Алайда Дубайдан қайтатын уақыт жақындағанда, Олжас Абай оған хабарлама жазған.

    «Таңертең хабарлама келіпті. “Дариға, қалайсың? Қашан қайтасың?” деп жазыпты. Жауап бермедім. Екі сағаттан кейін “Сені әбден сағындым” деп жазды. Маған да керегі сол еді. Билет алып, ұшып келдім. Келген күні осы сырғаны алып, “Үйленейік” деді. Міне, өткен тарих», – деп жазды актриса.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →