Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертін 20 қазанға шегерді
Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертінің 18 қазаннан 20 қазанға ауыстырылғанын хабарлады. Бұрын сатып алынған билеттер жарамды.
Сурет: Әлеуметтік желіден
Қайрат Нұртас Қызылордада өтетін концертінің кейінге шегерілгенін мәлімдеді. Әртіс бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«18 қазанға жоспарланған концертіміз 20 қазанға ауыстырылды. Бұған дейін сатып алынған билеттердің барлығы жарамды. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет!» — деп жазды Қайрат Нұртас.
