Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↓€ 506,7↓₽ 5,40↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологияға айналып келеді – Мемлекет басшысы • «Бұл – өркениетіміздің аман қалуына қатысты мәселе»: Тоқаев экологиялық сын-қатерлер туралы айтты • Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологияға айналып келеді – Мемлекет басшысы • «Бұл – өркениетіміздің аман қалуына қатысты мәселе»: Тоқаев экологиялық сын-қатерлер туралы айтты •

    Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйлеп, экологиялық ынтымақтастық пен ортақ жауапкершілікке шақырды.

    Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Президент саммитке қатысушыларға ілтипат білдіріп, қонақжайлық танытқаны үшін және БҰҰ Биоалуантүрлілік бойынша конференциясы аясындағы көшбасшылар саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Премьер-министр Никол Пашинянға алғыс айтты.

    Сонымен қатар Мемлекет басшысы табиғатты сақтау жөнінде келер ұрпақ алдында ортақ жауапкершілік пен халықаралық күш-жігерді үйлестіру қажеттігін еске салды.

    – Біз табиғат тартуын болашаққа жеткізуді көздейтін халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында жиналып отырмыз. Яғни күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келуі ықтимал өскелең ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік жөнінде сөз қозғадық. Бұл – біздің өркениетіміздің аман қалуына да қатысты мәселе. Өйткені биоалуантүрлілік адамдар игілігін, экономикалық орнықтылықты және ұзақмерзімді қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өте қажет. Бүлінбеген экожүйелер азық-түлік өндірісінде, су ресурстарын қорғауда және миллиондаған адамды кіріс көзімен қамтуда маңызды рөл атқарады. Шөлейттену және су тапшылығы, басқа да экологиялық проблемалар табиғат пен адам арасындағы нәзік тепе-теңдікке орасан қауіп төндіреді. Судың жеткіліксіздігі мен жердің тозуы миллиондаған адам үшін үйреншікті жағдайға айналды. Мұның салдары тым ауыр. Себебі бұл үдерістер мемлекеттер аумағынан ары асып, орнықты дамуды тежейді әрі жаһандық тұрақтылыққа зардабын тигізеді. Мұқият ойластырылған және нақты шараларды қамтитын экологиялық күн тәртібі саяси қайшылықтарды еңсеруі қажет. Бізге шынайы серіктестікке, бөліп-жармауға негізделген, ең бастысы, нақты нәтижелерге қол жеткізуді көздейтін халықаралық ынтымақтастық керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →