Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↓€ 506,7↓₽ 5,40↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологияға айналып келеді – Мемлекет басшысы • «Бұл – өркениетіміздің аман қалуына қатысты мәселе»: Тоқаев экологиялық сын-қатерлер туралы айтты • Нидерланд чемпионы Шон Ниволд Қазақстанды өз үйім деп атады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологияға айналып келеді – Мемлекет басшысы • «Бұл – өркениетіміздің аман қалуына қатысты мәселе»: Тоқаев экологиялық сын-қатерлер туралы айтты • Нидерланд чемпионы Шон Ниволд Қазақстанды өз үйім деп атады •

    Нидерланд чемпионы Шон Ниволд Қазақстанды өз үйім деп атады

    Нидерланд чемпионы Шон Ниволд Қазақстанды өз үйім деп атады

    Фото: видеодан скрин

    Нидерландтың танымал жүзушісі, бірнеше дүркін чемпион Шон Ниволд Қазақстанға деген ерекше ықыласын білдіріп, елді өзінің үйі деп атады. Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Спортшы Астанаға жүзуден Әлем кубогының кезеңіне қатысу үшін келген. Оның айтуынша, Қазақстанға бұған дейін де бірнеше рет сапарлаған және анасының туған жері болғандықтан елмен ерекше байланыс сезінеді.

    Шон Ниволдтың анасы Эльмира – Атырау облысының тумасы, қазақ, Адай руынан шыққан.

    Спортшының өзі Нидерландтың бірнеше дүркін чемпионы әрі рекордшысы. Ол 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарына қатысып, Еуропа чемпионаттарында эстафеталық жарыстар бойынша күміс жүлде иеленген. Биылғы маусымда Silk Road Tour сериясындағы Әлем кубогы кезеңдерінде екі рет қола жүлдеге қол жеткізді.

    Ниволд Қазақстанға деген ықыласын жасырмай, тарихи тамырымен байланысын ерекше атап өтті.

    «Қазақстан – менің үйім», – деді спортшы.

    Айта кетейік, Қазақстан өз тарихында алғаш рет жүзуден Әлем кубогының кезеңін қабылдап отыр. Астанада өтіп жатқан жарысқа әлемнің 50 елінен шамамен 750 спортшы қатысуда.

    Шон Ниволдтың оқиғасы адамның тарихи отанынан мыңдаған шақырым жерде өссе де, туған жермен байланыс пен ұлттық тамырға деген жақындықтың сақталатынын көрсетеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →