Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Психолог: Зомби режимінде өмір сүрудің белгілері анықталды • Сингапурда 49 жастағы әйел екі жігітті сүйгені үшін төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айырылды • Тоқаев Еревандағы биоалуантүрлілік саммитінің ашылуына қатысты • Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес жекпе-жегі туралы: «Мүмкін, әбден мүмкін!» • Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді • Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер • Психолог: Зомби режимінде өмір сүрудің белгілері анықталды • Сингапурда 49 жастағы әйел екі жігітті сүйгені үшін төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айырылды • Тоқаев Еревандағы биоалуантүрлілік саммитінің ашылуына қатысты • Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес жекпе-жегі туралы: «Мүмкін, әбден мүмкін!» • Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді • Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер •

    Сингапурда 49 жастағы әйел екі жігітті сүйгені үшін төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айырылды

    Сингапурда 49 жастағы әйел ағайынды екі жігітті келісімінсіз сүйгені үшін төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айырылды. Ол бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзған.

    Сингапурда 49 жастағы әйел екі жігітті сүйгені үшін төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айырылды

    Фото: Tinnakorn jorruang / Shutterstock / Fotodom

    Сингапурда 49 жастағы әйел ағайынды екі жігітті келісімінсіз сүйгені үшін төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айырылды. Төрт баланың анасы бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AsiaOne-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оқиға 2024 жылғы 12 ақпанда Boon Lay сауда орталығында болған. Го Мэй Чи есімді әйел сауда орталығында жүрген 16 және 23 жастағы ағайынды екі жігітті байқап, олардың жанына барған. Кейін екеуін де жағасынан ұстап, беті мен ернінен еркінен тыс сүйген.

    Тергеу барысында әйелдің оқиға алдында он бокал сыра ішкені анықталған. Ол 14 ақпанда ұсталып, кейін сотқа келу міндеттемесімен босатылған.

    Алайда әйел мұнымен тоқтамаған. 2024 жылғы 5 наурызда дәмханалардың бірінде бірнеше сыра бөтелкесін еденге лақтырған. Ал қыркүйекте Бун-Лей ауданында мас күйінде жанжал шығарған.

    Полицейлер оқиға орнына келіп, оған үйіне қайтуға кеңес берген, бірақ әйел айғайлап, тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен. Ақырында ол қайтадан қамауға алынған.

    9 қазанда сот әйелдің осы әрекеттеріне қатысты үкім шығарды. Сот барысында Го Мэй Чи енді заң бұзбайтынына уәде беріп, қарт ата-анасына қамқорлық жасауы керегін айтқан.

    Соған қарамастан, сот оны төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →