Тоқаев Еревандағы биоалуантүрлілік саммитінің ашылуына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда биоалуантүрлілік жөніндегі саммиттің ашылуына қатысып, COP17 алдындағы іс-шараға барды.
Фото: t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда өткен биоалуантүрлілік жөніндегі саммиттің ашылу рәсіміне қатысты. Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы бірқатар елдің көшбасшыларымен бірге Карен Демирчян атындағы спорт-концерттік кешенде ұйымдастырылған іс-шараға барды. Жиын COP17 алдында өтті.

Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

«Рәсім барысында жоғары қонақтарға биоалуантүрлілікті сақтаудың және планетаның табиғи мұрасын ұқыпты пайдаланудың жаһандық маңыздылығын көрсетуге арналған жарқын интерактивті шоу ұсынылды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Арменияға сапармен барғаны хабарланған болатын.
