Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес жекпе-жегі туралы: «Мүмкін, әбден мүмкін!» • Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді • Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер • «Қайрат» УЕФА Конференция лигасында Латвияның «Рига» клубымен 1:1 есебімен тең түсті • Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің 56%-ы әйелдер — ЕҚЫҰ сессиясында айтылды • Каспий түбімен тартылған 380 шақырымдық оптикалық кабель іске қосылды • Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес жекпе-жегі туралы: «Мүмкін, әбден мүмкін!» • Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді • Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер • «Қайрат» УЕФА Конференция лигасында Латвияның «Рига» клубымен 1:1 есебімен тең түсті • Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің 56%-ы әйелдер — ЕҚЫҰ сессиясында айтылды • Каспий түбімен тартылған 380 шақырымдық оптикалық кабель іске қосылды •

    Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді

    Есірткі контрабандасына қатысты іс бойынша екі айға қамауға алынған рэпер NAVAI Тараздағы тергеу изоляторына жеткізіледі. Жамбыл облысы полициясының мәліметінше, көліктен 2,53 грамм белгісіз зат табылған.

    Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді

    Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

    Есірткі контрабандасына қатысты қылмыстық іс бойынша екі айға қамауға алынған рэпер NAVAI Тараздағы тергеу изоляторына жеткізіледі. Бұл туралы Жамбыл облысының полициясы мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ведомствоның ақпаратына сәйкес, әнші мінген көлікті тексеру барысында қызметтік ит жүргізуші орындығынан салмағы 2,53 грамм белгісіз затты табуға көмектескен. Тәркіленген заттың нақты құрамы сараптама қорытындысынан кейін анықталады. Әзірге зерттеу нәтижесінің қашан шығатыны хабарланған жоқ.

    Айта кетейік, NAVAI 13 қазанда Қазақстанға кірмек болған кезде «Қордай» шекара бекетінде ұсталған. Ол мінген көлікті тексеру кезінде күмәнді зат табылып, тәркіленген.

    Осы дерек бойынша есірткі контрабандасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, рэпер екі айға қамауға алынған. Алайда тәркіленген заттың есірткі екені және оның нақты түрі сараптама арқылы анықталуға тиіс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →