Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 15 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: Қазақстан Баку – Тбилиси – Жейхан құбыры арқылы мұнай тасымалын арттыруды жоспарлап отыр • Тоқаев АӨСШК саммитінде Оңтүстік Кавказ тәжірибесін көреген көшбасшылықтың үлгісі деп атады • Тоқаев АӨЫКҚ-ны дауларды болдырмау үшін пайдалануды ұсынды • Маңғыстау облыстық ауруханасының бас есепшісі 7 жылға сотталды • СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші жол апатынан қаза тапты • «Ескісі де жоқ, жаңасы да жоқ»: ШҚО-да аялдамаларды сүріп тастаған шенеуніктер тұрғындарды далада қалдырды • Тоқаев: Қазақстан Баку – Тбилиси – Жейхан құбыры арқылы мұнай тасымалын арттыруды жоспарлап отыр • Тоқаев АӨСШК саммитінде Оңтүстік Кавказ тәжірибесін көреген көшбасшылықтың үлгісі деп атады • Тоқаев АӨЫКҚ-ны дауларды болдырмау үшін пайдалануды ұсынды • Маңғыстау облыстық ауруханасының бас есепшісі 7 жылға сотталды • СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші жол апатынан қаза тапты • «Ескісі де жоқ, жаңасы да жоқ»: ШҚО-да аялдамаларды сүріп тастаған шенеуніктер тұрғындарды далада қалдырды •

    «Ескісі де жоқ, жаңасы да жоқ»: ШҚО-да аялдамаларды сүріп тастаған шенеуніктер тұрғындарды далада қалдырды

    «Ескісі де жоқ, жаңасы да жоқ»: ШҚО-да аялдамаларды сүріп тастаған шенеуніктер тұрғындарды далада қалдырды

    Фото: видеодан скрин

    Шығыс Қазақстан облысындағы Каменный Карьер ауылының тұрғындары үш аптадан бері аялдамасыз автобус күтуге мәжбүр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    24 қыркүйекте ауылдағы екі бетон аялдама сүрілгенімен, олардың орнына жаңасы әлі орнатылмаған. Тұрғындардың айтуынша, мектеп оқушылары мен қарттар жаңбыр мен суық желдің астында қоғамдық көлік күтіп тұр. Оның үстіне бұзылған аялдамалардың бетон қалдықтары да жиналмай, сол күйі шашылып жатыр. Жергілікті билік ескі аялдамалардың апатты жағдайда болғанын айтып, жаңалары жақын арада орнатылатынын мәлімдеген, алайда тұрғындардың сөзінше, 8 қазанда өткен жиында бұл жұмыс тек 2027 жылы жүргізілетіні айтылған. Ауыл халқы күн суытқан шақта аялдамаларды неге асығыс бұзғанын және балалардың қыста қайда паналайтынын сұрап, жауаптылардан нақты шешім күтуде.

    Видео: @bizdin_oskemen

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →