Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 15 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: Қазақстан Баку – Тбилиси – Жейхан құбыры арқылы мұнай тасымалын арттыруды жоспарлап отыр • Тоқаев АӨСШК саммитінде Оңтүстік Кавказ тәжірибесін көреген көшбасшылықтың үлгісі деп атады • Тоқаев АӨЫКҚ-ны дауларды болдырмау үшін пайдалануды ұсынды • Маңғыстау облыстық ауруханасының бас есепшісі 7 жылға сотталды • СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші жол апатынан қаза тапты • «Ескісі де жоқ, жаңасы да жоқ»: ШҚО-да аялдамаларды сүріп тастаған шенеуніктер тұрғындарды далада қалдырды • Тоқаев: Қазақстан Баку – Тбилиси – Жейхан құбыры арқылы мұнай тасымалын арттыруды жоспарлап отыр • Тоқаев АӨСШК саммитінде Оңтүстік Кавказ тәжірибесін көреген көшбасшылықтың үлгісі деп атады • Тоқаев АӨЫКҚ-ны дауларды болдырмау үшін пайдалануды ұсынды • Маңғыстау облыстық ауруханасының бас есепшісі 7 жылға сотталды • СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші жол апатынан қаза тапты • «Ескісі де жоқ, жаңасы да жоқ»: ШҚО-да аялдамаларды сүріп тастаған шенеуніктер тұрғындарды далада қалдырды •

    Қаза тапқандар бар: Ыстанбұлда алапат су тасқыны болды

    Қаза тапқандар бар: Ыстанбұлда алапат су тасқыны болды
    Фото: Haberler.com

    Түркияның Ыстанбұл қаласында толассыз жауған нөсерден кейін су тасқыны басталды. Қатты ағын көшелерді басып, кейбір көліктерді ағызып әкеткен. Табиғи апат салдарынан бір жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Нөсер жаңбыр қала инфрақұрылымына да айтарлықтай әсер етті. Жолдар, жерасты өткелдері мен туннельдерді су басып, көлік қозғалысы қиындаған. Кейбір тұрғын үйлер мен кәсіпорындарға да су кірген. Қауіпсіздік мақсатында Ыстанбұлдағы барлық мектеп уақытша жабылды.

    Ыстанбұл губернаторы Давут Гүл тұрғындарға алдағы уақытта жауын-шашынның күшеюі мүмкін екенін ескертіп, сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды.

    «Құрметті отандастар! Бүгін түнде облыстың барлық аумағында, ал ертең Анадолы бөлігінде жауын-шашын күшейеді деген болжам бар. Жаңбыр кезінде сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Мүмкіндігінше далаға шықпаңыздар және жеке көлікпен жолға шықпаңыздар», – деді ол 14 қазанда.

    Губернатор сондай-ақ тұрғындарға жертөлелер мен су басу қаупі жоғары аумақтарға бармауға кеңес берді. Бұдан бөлек, шалшық сулардан, өзен арналары мен су басқан жерасты өткелдерінен аулақ болуды сұрады. Көшкін қаупі бар аймақтар мен ондағы ғимараттарға жақындамау жөнінде де ескерту жасалды.

    Су тасқыны кезінде 14 жастағы жасөспірім қаза тапты. Мәліметке қарағанда, ол су басқан аумақта жүрген кезде электр тогының соққысына ұшыраған.

    Жасөспірім ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →