Тоби Магуайр бұрынғы әйелінің үйлену тойын өткізді
Тоби Магуайр бұрынғы әйелі Дженнифер Мейердің Гавайидегі үйлену тойын өткізді. Салтанатқа Леонардо ДиКаприо, Джефф Безос сынды жұлдыздар қатысты.
Сурет: turkystan.kz
Голливуд жұлдызы Тоби Магуайр бұрынғы жұбайы Дженнифер Мейердің үйлену рәсімінде ерекше рөлге ие болды. Актер Гавайи аралдарында өткен салтанатты рәсімді жүргізген.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Зергерлік бұйымдар дизайнері Дженнифер Мейер кәсіпкер Джеффри Огунлесиге тұрмысқа шықты. Олардың үйлену тойы Ланаи аралында өтті.
Салтанатқа Мейер мен Магуайрдың ортақ балалары Руби мен Отис, сондай-ақ Мейер мен Огунлесидің жаңа туған қызы қатысты.
Қонақтар арасында Леонардо ДиКаприо, Кортни Кокс, Кейт Хадсон және Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос болғаны хабарланды.
Тоби Магуайр мен Дженнифер Мейер тоғыз жыл некеде болған. Олар 2016 жылы ажырасатындарын жариялады. Дженнифер Мейер ажырасу туралы ресми өтінішті 2020 жылдың күзінде берген. Алайда заңды процесс бірнеше жылға созылып, 2026 жылдың қыркүйегінде ғана аяқталған. Бұл Дженнифер Мейердің жаңа некесін қию рәсіміне бірнеше апта қалғанда болған.
Ажырасқанына қарамастан, Магуайр мен Мейер достық қарым-қатынасты сақтап, балаларын бірге тәрбиелеуді жалғастырып келеді.
