Ақкөлде қоқыс үйіліп жатыр: тұрғындар қаланың тазалығына неге мән бермейді?
Фото: видеодан скрин
Ақмола облысының Ақкөл қаласында қоқыс мәселесі тұрғындардың наразылығын тудырды. Базар маңындағы Уәлиханов көшесінде ірі көлемдегі тұрмыстық қалдықтар үйіліп қалған.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан қоқыс контейнерінің айналасы қоқысқа толып, аумақтың қараусыз жатқанын көруге болады. Жазба авторы тұрғындарды тазалық сақтауға шақырып, қоқысты арнайы полигонға шығаруды сұрады. Оның айтуынша, бұл көшеден күн сайын мектеп оқушылары өтеді, ал үлкендердің мұндай әрекеті балаларға теріс үлгі көрсетеді. Енді қоқыстың уақытылы шығарылуын кім қадағалайтыны және аумақтың қашан тазартылатыны белгісіз.
Видео: @beisenova571
