Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды • Ақылды гаджеттер сотта куәгер бола ала ма? • Мәслихат сайлауы қарсаңында 86 мыңнан астам сайлау комиссиясы мүшесі оқытылады • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды • Ақылды гаджеттер сотта куәгер бола ала ма? • Мәслихат сайлауы қарсаңында 86 мыңнан астам сайлау комиссиясы мүшесі оқытылады •

    Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды

    Үндістанның Тамилнад штатында суасты археологиялық зерттеулер кезінде көне Пумпухар қаласына тиесілі жәдігерлер табылды. Ғалымдар бұл олжаларды аңыздарда сипатталған портты қаланың бір бөлігі теңіз түбіне кеткенін көрсетуі мүмкін деп есептейді.

    Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды

    Сурет: magnific.com

    Үндістанның Тамилнад штатында жүргізілген суасты археологиялық зерттеулер барысында көне Пумпухар қаласына тиесілі болуы мүмкін жәдігерлер табылды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл олжалар аңыздар мен көне поэмаларда сипатталған портты қаланың бір бөлігі теңіз түбіне кеткенін көрсетуі мүмкін.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Зерттеу жұмыстары қазіргі жағалаудан шамамен 1,8–2,2 шақырым қашықтықта, 10–12 метр тереңдікте жүргізілген.

    Археологтар теңіз түбінен бірнеше саз балшық құдықтың қалдықтарын, Батыс Азияға тән қыш ыдыс бөлшектерін және ірі тас пен кірпіштен тұрғызылған құрылыс нысанының іздерін тапқан.

    Мамандардың болжамынша, табылған тас құрылымдар ежелгі айлақтың немесе порт инфрақұрылымының бір бөлігі болуы мүмкін.

    Қыш ыдыс бөлшектері Пумпухардың ерте кезеңнің өзінде Батыс Азиямен сауда байланысы болғанын көрсетуі ықтимал. Ал су астынан анықталған құдықтар бұл аумақта бір кездері адамдар тұрақты өмір сүргенін аңғартады.

    Ғалымдар қаланың жағалауға жақын бөлігінің су астында қалуын теңіз деңгейінің көтерілуі және тектоникалық процестермен байланыстырады.

    Пумпухар қандай қала болған?

    Пумпухар туралы мәліметтер көне тамиль әдебиетінде бірнеше рет кездеседі. Ежелгі шығармаларда ол Чола әулеті дәуіріндегі ірі әрі гүлденген портты қала ретінде сипатталған.

    Поэмаларда Пумпухарға алыс елдерден кемелер келіп, саудагерлер түрлі тауар әкелгені айтылады.

    Археологтардың қазіргі олжалары әдеби деректерде сипатталған қаланың шын мәнінде болғанын толық дәлелдеп тастады деуге әлі ерте. Дегенмен су астынан табылған құдықтар, қыш ыдыстар мен құрылыс іздері Пумпухардың жағалау сызығы қазіргіге қарағанда әлдеқайда әріде болғанын көрсететін маңызды археологиялық айғақ ретінде қарастырылып отыр.

    Зерттеушілер алдағы экспедициялар теңіз түбіндегі құрылыстардың нақты көлемі мен жасын анықтауға мүмкіндік береді деп үміттенеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →