Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды • Ақылды гаджеттер сотта куәгер бола ала ма? • Мәслихат сайлауы қарсаңында 86 мыңнан астам сайлау комиссиясы мүшесі оқытылады • «Ақтауда 50 жыл жүрген тротуарды алып тастаған»: тұрғындар балаларымен көлік жолына шығуға мәжбүр • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды • Ақылды гаджеттер сотта куәгер бола ала ма? • Мәслихат сайлауы қарсаңында 86 мыңнан астам сайлау комиссиясы мүшесі оқытылады • «Ақтауда 50 жыл жүрген тротуарды алып тастаған»: тұрғындар балаларымен көлік жолына шығуға мәжбүр •

    Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды

    Астанада inDrive жүргізушісі жолаушы әйелге интимдік ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Оқиға 11 қазан күні таңғы 07:00 шамасында болған.

    Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды

    Сурет: istockphoto.com

    Астанада inDrive сервисінің жүргізушісі жолаушы әйелге интимдік сипаттағы ұсыныстар айтқаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, оқиға 11 қазан күні таңғы сағат 07:00 шамасында болған.

    Іс материалдарында К. есімді жүргізушінің жолаушы Б.-ға әдепсіз әрекеттер жасап, интимдік сипаттағы ұсыныстар айтқаны көрсетілген. Сот оның бұл әрекеттерін қоғамдық тәртіп пен азаматтың тыныштығын бұзу ретінде бағалаған.

    Жүргізушінің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, полиция инспекторының рапортымен, жәбірленушінің түсініктемесімен және жүргізушінің өз кінәсін мойындаған жауабымен расталған.

    Істі қарау кезінде сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде жүргізушінің кінәсін мойындағанын және мұндай құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын ескерген. Ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

    Сот қаулысымен жүргізушіге 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →