Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда арсыз жігіт қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО) • Индустриялық аймақтың артықшылығы: Алматыдағы жылыжай жылына 6 мың тонна көкөніс өсіреді • Көкшетауда оқыс оқиға тіркелді • Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың үйлену тойы дүркіреп өтті • «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда арсыз жігіт қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО) • Индустриялық аймақтың артықшылығы: Алматыдағы жылыжай жылына 6 мың тонна көкөніс өсіреді • Көкшетауда оқыс оқиға тіркелді • Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың үйлену тойы дүркіреп өтті •

    Ақтөбеде 35 жастағы әйелді атыраулық танысы пышақтап кетті

    Ақтөбеде 35 жастағы әйелді атыраулық танысы пышақтап кетті

    Фото: видеодан скрин

    Ақтөбеде 35 жастағы әйел кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Оқиға кеше Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. Бейнебақылау камерасынан ер адамның әйел жанына барып сөйлескенін, кейін әйел орнынан тұрып кеткенде артынан пышақ сұққанын көруге болады. Одан әрі сүйреп, қуысқа алып кеткен.

    «Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақтөбе қаласында әйелді өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері Атырау қаласының 28 жастағы тұрғынын анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті мен марқұм әйел бұрын таныс болған. Араларында туындаған жанжал барысында ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстың себептері анықталуда. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

    Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді», – деді Ақтөбе облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →