Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті •

    Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады

    Қазақстан Сыртқы істер министрлігі хусит жасақтарының Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған шабуылдарын қатаң айыптап, дағдарысты саяси-дипломатиялық жолмен шешуге шақырды.

    Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады

    Фото: gov.kz

    Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдарға қатысты елдің ұстанымын жариялады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Хусит жасақтарының Сауд Арабиясындағы азаматтық нысандарға жасаған әрі адам шығынына әкеп соққан шабуылдарын ведомство қатаң айыптады.

    «Мұндай шабуылдарға гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды. Олар халықаралық құқық нормаларын бұзады. Бұл әрекеттер Йемендегі ахуалды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерге нұқсан келтіріп, қақтығысты саяси жолмен реттеуге кедергі келтіреді», — деп жазылған хабарламада.

    Министрлік шабуылдарды дереу тоқтатуға және дағдарысты тек саяси-дипломатиялық құралдар арқылы шешуге шақырды.

    Қазақстан Сауд Арабиясы Корольдігімен ынтымақтастық танытып, оның БҰҰ Жарғысына сәйкес өз егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға құқылы екенін растайды, дейді ведомствода.

    Еске салайық, бір күн бұрын Эр-Риядтағы әуежайға шабуыл жасалып, салдарынан 12 адам қаза тапты және 300-ден астам адам жарақат алды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →