Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 451,4↑€ 507,3↑₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Өскеменде түрме аумағына тыйым салынған зат лақтыруға әрекет жасалды

    Өскеменде үш тұрғын қылмыстық-атқару мекемесінің аумағына тыйым салынған зат лақтыруға әрекеттенді. Ұлттық ұлан сақшысы дер кезінде байқап, күдіктілер ұсталды.

    Өскеменде түрме аумағына тыйым салынған зат лақтыруға әрекет жасалды

    Фото: ұлттық ұлан

    Өскеменде үш жергілікті тұрғын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына тыйым салынған зат болуы мүмкін түйіншекті лақтыруға әрекеттенді. Күдіктілерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының сақшысы дер кезінде байқады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оқиға түнгі уақытта орын алды. 6699 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі қатардағы Еркін Серіков кезекшілік үстінде мекеме қоршауының сыртында жүрген үш ер адамды көрді. Ол бірден дабыл қағып, қарауыл бастығына баяндады.

    Көзге түскендерін байқаған ер адамдар оралған түйіншекті қоршаудың сыртындағы бақылау-із кесу жолағына тастап, оқиға орнынан қашуға тырысты. Ұландықтар мен мекеме қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында күдіктілер ұсталды.

    Түйіншекті тексеру кезінде жасыл түсті, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат анықталды. Тәркіленген зат құзырлы органдарға тапсырылды. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

    Құқықтық тәртіп әскерінің әскери қызметшілері еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін тәулік бойы күзетеді. Олардың қырағылығының арқасында тыйым салынған заттарды мекемелерге кіргізу мен қоршау арқылы лақтыру әрекеттерінің жолы кесіліп, сотталғандарды ұстаудың белгіленген режимі сақталады және азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →