Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда арсыз жігіт қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО) • Индустриялық аймақтың артықшылығы: Алматыдағы жылыжай жылына 6 мың тонна көкөніс өсіреді • Көкшетауда оқыс оқиға тіркелді • Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың үйлену тойы дүркіреп өтті • «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда арсыз жігіт қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО) • Индустриялық аймақтың артықшылығы: Алматыдағы жылыжай жылына 6 мың тонна көкөніс өсіреді • Көкшетауда оқыс оқиға тіркелді • Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың үйлену тойы дүркіреп өтті •

    Ақтауда балықтан уланған баланың қаза табуы: тергеу мәліметтері жарияланды

    Ақтауда балықтан уланып қаза тапқан балаға қатысты тергеу мәліметтері жарияланды: отбасы өнімді жол бойынан сатып алған, бес адам ауруханаға түскен.

    Ақтауда балықтан уланған баланың қаза табуы: тергеу мәліметтері жарияланды

    Сурет: pixabay.com

    Ақтауда балықтан уланып, кейін көз жұмған балаға қатысты тергеу барысында жаңа деректер белгілі болды. Отбасы балықты жол бойындағы белгіленбеген жерден сатып алғаны анықталған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Жетінші арна» хабарлауынша, отбасы Атырау облысына сапар кезінде балықты жол жиегіндегі сатушыдан алған. Кейін өнім үйге жеткізіліп, тоңазытқышта сақталған.

    Балық отбасылық дастарқанда желінген. Оны барлығы алты адам тұтынған, соның бесеуі кейін ауруханаға түскен.

    Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының айтуынша, зерттеу жүргізу үшін балықтың үлгісі сақталмаған. Сондықтан өнімде нақты қандай мәселе болғанын анықтау қиын.

    Қазіргі уақытта оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу бабымен тергеу жүргізіліп жатыр.

    Тергеу аясында отбасы балықты нақты қай жерден сатып алғаны және оны кім сатқанын анықтау қажет.

    Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында белгілі болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →