Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Павлодарда пойыз астында қалған 22 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды • Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына төрт қабатты торт жасалды • Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Павлодарда пойыз астында қалған 22 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды • Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына төрт қабатты торт жасалды • Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз •

    Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына төрт қабатты торт жасалды

    Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына орай «Тәп-Тәтті» кондитерлік үйі төрт қабатты торт жасады. Тортта актрисаның фотосуреттері мен «Қыз Жібек» фильміндегі сәукелесі бейнеленген.

    Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына төрт қабатты торт жасалды

    Сурет: Stan.kz коллажы

    Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешованың 75 жылдық мерейтойына орай ерекше сыйлық жасалды. «Тәп-Тәтті» кондитерлік үйінің шеберлері актрисаның шығармашылық жолы мен отбасылық естеліктерін бейнелейтін төрт қабатты торт әзірледі.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Тәтті театр сахнасы үлгісінде безендірілген. Торттың әр қабатына Меруерт Өтекешованың әр жылдардағы жеке және отбасылық фотосуреттері орналастырылған. Ал композицияның ең жоғарғы бөлігіне актрисаны көпшілікке кеңінен танытқан «Қыз Жібек» фильміндегі образын еске түсіретін сәукеле қойылған.

    Кондитерлердің мәліметінше, ерекше тортты әзірлеуге 13 күн кеткен. Ал оның барлық бөлігін біріктіріп, соңғы безендіру жұмыстарын аяқтауға шамамен 10 сағат жұмсалған.

    Меруерт Өтекешова тосынсыйды көргенде ерекше әсер алған.

    «Музейге беру керек бұл тортты», – деді актриса.

    Кондитерлік үй өкілдері қазақ киносының аңызына айналған өнер иесіне арнайы сыйлық әзірлеуді өздері үшін үлкен мәртебе деп атады.

    «Қазақтың Қыз Жібегіне – ерекше ықыласпен! Меруерт Өтекешованың мерейтойына арнайы тәтті тосынсый дайындау «Тәп-Тәтті» ұжымы үшін үлкен мәртебе болды. Меруерт Қаратайқызы, жүзіңізден күлкі кетпей, жақындарыңыздың ортасында қуанышқа бөлене беріңіз!» – деп жазды кондитерлік үй өкілдері.

    Биыл Меруерт Өтекешова 75 жасқа толды. Осыған орай актрисаның мерейтойына арналған түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, әріптестері мен өнер өкілдері оған құрмет көрсетіп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →