Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі • Үш есе өскен қаржы, 1120 мектеп және 655 мың грант: Тоқаев реформалары нәтижеге қалай айналып жатыр? • Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) алғашқы түлектерін шығарып, студенттер саны 5 мыңнан асты • «Жұлдыз болатынын білген жоқпын»: Мөлдір Мұқан дайынға келмегенін айтты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды • Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі • Үш есе өскен қаржы, 1120 мектеп және 655 мың грант: Тоқаев реформалары нәтижеге қалай айналып жатыр? • Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) алғашқы түлектерін шығарып, студенттер саны 5 мыңнан асты • «Жұлдыз болатынын білген жоқпын»: Мөлдір Мұқан дайынға келмегенін айтты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды • Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады •

    Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі

    Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі
    Фото: nationalbank.kz

    «Қазақстанның жер қойнауы» сериясына жататын монета күмістен жасалып, құрамына сирек металл – ниобий қосылған, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Ұлттық банктің мәліметінше, монета 925 сынамалы күмістен дайындалған.

    Оның жалпы салмағы – 32,8 грамм. Оның 31,1 грамы күміске, ал 1,7 грамы ниобийге тиесілі.

    «Ниобий – атомдық нөмірі 41 болатын сирек металл. Ол металлургияда, электроникада, сондай-ақ аэроғарыш және атом өнеркәсібінде қолданылады. Металлдың атауы ежелгі грек мифологиясындағы Танталдың қызы Ниобаның есімінен шыққан», – делінген хабарламада.

    Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша, сондай-ақ елдегі барлық банкте банк шотына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

    Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →