Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі • Үш есе өскен қаржы, 1120 мектеп және 655 мың грант: Тоқаев реформалары нәтижеге қалай айналып жатыр? • Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) алғашқы түлектерін шығарып, студенттер саны 5 мыңнан асты • «Жұлдыз болатынын білген жоқпын»: Мөлдір Мұқан дайынға келмегенін айтты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды • Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі • Үш есе өскен қаржы, 1120 мектеп және 655 мың грант: Тоқаев реформалары нәтижеге қалай айналып жатыр? • Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) алғашқы түлектерін шығарып, студенттер саны 5 мыңнан асты • «Жұлдыз болатынын білген жоқпын»: Мөлдір Мұқан дайынға келмегенін айтты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды • Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады •

    «Жұлдыз болатынын білген жоқпын»: Мөлдір Мұқан дайынға келмегенін айтты

    «Жұлдыз болатынын білген жоқпын»: Мөлдір Мұқан дайынға келмегенін айтты

    Фото: видеодан скрин

    Әлеуметтік желіде танымал продюсер Мөлдір Мұқанның отбасы мен жұбайы, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов туралы айтқан сұхбаты қайта тарады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Сұхбат барысында Жанар Айжанова Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдірдің арасындағы өнердегі байланыс туралы сұрады.

    «Тұрсынбекті Қабатов еткен Мөлдір ме, әлде Мөлдірді Мөлдір еткен Тұрсынбек пе?» – деп сұрады Жанар Айжанова.

    Продюсер жұбайына тұрмысқа шыққан кезде оның болашақта елге танымал жұлдызға айналатынын білмегенін, сол кезден-ақ қолдауын аямағанын айтты.

    «Сөзсіз, Мөлдірді Мөлдір еткен – Тұрсынбек. Мен қазақтың қарапайым, ауылдың жігітіне тұрмысқа шықтым. Мен оның атақты жұлдыз болатынын білген жоқпын. Ол кезде «Қабатов» деген дүркіреп тұрған фамилия болған жоқ. Мен тек сүйіп қосылған жанның бірімін. Егер есеппен жанып тұрған жұлдызға шықсам, ол кезде әңгіме басқаша болар еді. Дегенмен, оның жұлдыз болуына әсерім тиді деп толық сенімді айта аламын», – деді Мөлдір Мұқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →