Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі • Үш есе өскен қаржы, 1120 мектеп және 655 мың грант: Тоқаев реформалары нәтижеге қалай айналып жатыр? • Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) алғашқы түлектерін шығарып, студенттер саны 5 мыңнан асты • «Жұлдыз болатынын білген жоқпын»: Мөлдір Мұқан дайынға келмегенін айтты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды • Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі • Үш есе өскен қаржы, 1120 мектеп және 655 мың грант: Тоқаев реформалары нәтижеге қалай айналып жатыр? • Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) алғашқы түлектерін шығарып, студенттер саны 5 мыңнан асты • «Жұлдыз болатынын білген жоқпын»: Мөлдір Мұқан дайынға келмегенін айтты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды • Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады •

    Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады

    Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады
    Фото: olympic.kz
    9-11 қазан аралығында Францияның Париж қаласында таеквондодан Гран-при сериясының соңғы кезеңі өтеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жарысқа әлемнің үздік спортшылары қатысып, жүлделер мен рейтингтік ұпайларды сарапқа салады.

    Қазақстан құрамасы сапынан додаға үш таеквондошы қыз қатысады. 49 келіге дейінгі салмақта Айдана Құмартаева, 57 келіге дейінгі салмақта Мария Севостьянова, ал 67 келіден жоғары салмақта Назым Махмұтова өнер көрсетеді.

    Айта кетейік, Париждегі жарыс осы маусымдағы Гран-при сериясының соңғы кезеңі болмақ.

    Таеквондодан Гран-при финалы 27-29 қараша күндері Астана қаласында өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →