Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады • Алматыда халықаралық рейстердегі жолаушы орындарының саны 13%-ға өсті • Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды • Павлодар облысында алғаш рет құну тіркелді • «Bingo-37», «Lotoboom»: Шымкентте заңсыз онлайн-казинолардың айналымы 3,1 млрд теңгеге жеткен • Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады • Алматыда халықаралық рейстердегі жолаушы орындарының саны 13%-ға өсті • Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды • Павлодар облысында алғаш рет құну тіркелді • «Bingo-37», «Lotoboom»: Шымкентте заңсыз онлайн-казинолардың айналымы 3,1 млрд теңгеге жеткен •

    Астанада базар жанынан 47 жастағы әйелдің денесі табылды

    Астанада базар жанынан 47 жастағы әйелдің денесі табылды

    Фото: Pixabay

    Астанада базар жанынан 47 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.  

    Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады.

    «Сауда базарының алдынан зорлық-зомбылық белгілері жоқ 47 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел адамның денсаулығы кенеттен нашарлап, жедел жәрдем бригадасы жеткенше қайтыс болған. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

    Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдемге шақырту сағат 18:14-те түскен. Дәрігерлер бригадасы оқиға орнына 18:19-да жеткен.

    «Жедел жәрдемнің ұзақ жеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Көрсетілген мекенжай бойынша жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнына жетті. Әйел адамның денесінен тіршілік белгілері анықталмады. Марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды», – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →