Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Екі жасар баланы суық балконға қамап отырған»: Петропавлда балабақша қызметкерлеріне қатысты дау шықты • Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап, ажал құшты • «Нақты жауабын сұраймыз!»: Аша Матай мен белгілі блогердің басы дауға қалды • Тереңкөл ауданында екі бала көмірқышқыл газынан уланды • Қордай ауруханасында 60 жастағы әже үш жылдан бері жатыр, туыстары табылмаған • Астанада Tarlan Astana құрылысына байланысты екі жол учаскесінде қозғалыс шектелді • «Екі жасар баланы суық балконға қамап отырған»: Петропавлда балабақша қызметкерлеріне қатысты дау шықты • Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап, ажал құшты • «Нақты жауабын сұраймыз!»: Аша Матай мен белгілі блогердің басы дауға қалды • Тереңкөл ауданында екі бала көмірқышқыл газынан уланды • Қордай ауруханасында 60 жастағы әже үш жылдан бері жатыр, туыстары табылмаған • Астанада Tarlan Astana құрылысына байланысты екі жол учаскесінде қозғалыс шектелді •

    Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап, ажал құшты

    Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап, ажал құшты

    Фото: Pixabay

    Оралда «Строитель» шағынауданында көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлаған екі жасөспірім көз жұмды. Қайғылы оқиға кешкі уақытта болған. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Ақпаратқа сәйкес, куәгерлер оқиға орнына полиция қызметкерлерінің жедел жеткенін айтқан. Тәртіп сақшылары тоғыз қабатты үйдің маңын арнайы таспамен қоршап, аумаққа кіруді шектеген. Кейін ғимараттың жанынан кәмелетке толмаған екі жасөспірімнің денесі табылғаны белгілі болды.

    Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті екі жасөспірімнің қаза болғанын растады. Дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталған.

    «Көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің шатырынан құлау салдарынан кәмелетке толмаған екі жасөспірім қайтыс болды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығы мен прокуратураның бақылауында. Өзге ақпарат жария етілмейді», – деп мәлімдеді ведомство.

    Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандардың бірі – мектепте оқитын 14 жастағы қыз, екіншісі – колледжде білім алатын 16 жастағы жасөспірім.

    Олардың қандай жағдайда құлағаны әзірге белгісіз. Оқиғаның себептері тергеу барысында анықталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →