Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,5↓€ 501,6↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада Talan Towers-тен құрылыс материалдары көліктің үстіне құлады: кім жауап береді? • 23 жастағы қыз баланы сүйген: анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды • 30-дан астам ықтимал педофил және жаңа тізілім: «Жаңа адамдар» подкастта не айтты? • «Оңай емес»: Мөлдір Әуелбекова жан сырын ақтарды • Петропавлда 13 жасар қызды ерлі-зайыптылар зорлаған • Каспийдегі әскерилердің қазаны: экс-ӘТК бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды • Астанада Talan Towers-тен құрылыс материалдары көліктің үстіне құлады: кім жауап береді? • 23 жастағы қыз баланы сүйген: анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды • 30-дан астам ықтимал педофил және жаңа тізілім: «Жаңа адамдар» подкастта не айтты? • «Оңай емес»: Мөлдір Әуелбекова жан сырын ақтарды • Петропавлда 13 жасар қызды ерлі-зайыптылар зорлаған • Каспийдегі әскерилердің қазаны: экс-ӘТК бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды •

    Петропавлда 13 жасар қызды ерлі-зайыптылар зорлаған

    Петропавлда 13 жасар қызды ерлі-зайыптылар зорлаған

    Фото: видеодан скрин

    Петропавлда жасөспірім қызға қатысты сексуалдық зорлық жасаған 37 жастағы ер адам мен оның 32 жастағы заңды некеге тұрмаған әйелі сотталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Сот материалдарына сәйкес, ерлі-зайыпты Петропавлдағы Жұмысшы кентінде тұрған. Ер адам — кондитер, әйелі санитар болып еңбек еткен. Олардың екі баласы бар.

    Оқиға болған күні ер адамның үйіне туысы өзінің 13 жастағы таныс қызымен бірге қонаққа келген. Кейін кәмелетке толмаған қыз сексуалдық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған.
    Бұл туралы оқушы қыздың ата-анасы білгеннен кейін полицияға жүгінген. Іс бойынша сот отырысы жабық режимде өтті.

    Сот ер адамды кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

    Ал оның әйелін сот қылмысқа жәрдемдескені үшін кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

    Сондай-ақ сот жәбірленуші тараптың талабын қанағаттандырып, сотталғандардан қызға келтірілген моральдық зиян үшін 6 млн теңге төлеуге міндеттеді. Бұдан бөлек, сот сараптамасын жүргізуге жұмсалған 3,6 млн теңге шығынды да сотталғандар өтейді.

    Сот сотталғандардың балаларына қатысты да жеке қаулы шығарып, олардың екеуін де қорғаншылық және қамқоршылық органдарына беруді тапсырды.

    Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →