Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазанның алғашқы аптасында күн бұзылмақ: «Казгидромет» ескерту жасады • Қызылордада судья 9 жылға сотталып кетті • «Құлағыма арманы орындалғанын айтты»: Мақпал Жүнісова тойда болған жайтты айтты • «Соңғы жеті жылда елімізде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды» — Тоқаев • Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады • Алматы – Азиада-2026 додасында Қазақстан қоржынына ең көп медаль салған өңірлердің бірі • Қазанның алғашқы аптасында күн бұзылмақ: «Казгидромет» ескерту жасады • Қызылордада судья 9 жылға сотталып кетті • «Құлағыма арманы орындалғанын айтты»: Мақпал Жүнісова тойда болған жайтты айтты • «Соңғы жеті жылда елімізде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды» — Тоқаев • Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады • Алматы – Азиада-2026 додасында Қазақстан қоржынына ең көп медаль салған өңірлердің бірі •

    Рыбакина мен Соболенко жеңілді: Әлемнің бұрынғы ракеткасы не дейді?

    Рыбакина мен Соболенко жеңілді: Әлемнің бұрынғы ракеткасы не дейді?
    Фото: Instagram/lenarybakina/arynasabalenka
    Үлкен дулыға турнирлерінің төрт дүркін чемпионы, әлемнің 17-ракеткасы, жапониялық теннисші Наоми Осака WTA-1000 санатындағы Пекиндегі турнирде әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен екінші ракеткасы Арина Соболенконың жеңілістеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Championat мәліметінше, жапониялық теннисшіге Рыбакина мен Соболенконың жеңілістері оны таңғалдырды ма деген сұрақ қойылған.

    Осака өзі де кезінде әлемнің бірінші ракеткасы болған және қарсыластарының оны жеңуге тырысатын сезімін жақсы біледі.

    «Меніңше, уақыт өте келе бұған үйреніп кетесің. Белгілі бір деңгейге жеткенде, сенімен ойнайтын әр адам жеңіске жетуді қалайды. Сондықтан мен аса таңғалған жоқпын, өйткені олардың маусымы өте ұзақ болды. US Open-нен кейінгі алғашқы турнирі осы ма, білмеймін, бірақ қайтадан ырғаққа ену керек. Мұндағылардың бәрі не қатты шаршаған, не маусымды жоғары нотада аяқтауға тырысып жатыр. Бұл кезеңде мен мұны сенсация деп атамас едім, өйткені мұнда бәрі өте жақсы ойнайды. Дегенмен бірнеше тосынсый болады», – деді Осака баспасөз мәслихатында.

    Соболенко үшінші айналымда чехиялық теннисші Никола Бартуньковадан (әлемдік рейтингте 26-орын) 4:6, 3:6 есебімен жеңілді.

    Ал Рыбакина турнирдің екінші айналымында Армения атынан өнер көрсететін Алина Чараевадан (әлемдік рейтингте 118-орын) 6:3, 4:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →