Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған халықаралық бәйгенің жеңімпаздары анықталды • IT Aiel және Aqyl Tech жобалары аясында 33 мыңнан астам адам білім алған • «Одан кішірейіп кетпейсің»: Әли Оқапов қайын жұртында үлкендерге қызмет көрсетті (ВИДЕО) • Астана – Қарағанды тасжолындағы жол апаты: бір адам зардап шекті • Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды • Қазақстанда 100 жастан асқан 300 адам тұрады, ең қарты 116 жаста • Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған халықаралық бәйгенің жеңімпаздары анықталды • IT Aiel және Aqyl Tech жобалары аясында 33 мыңнан астам адам білім алған • «Одан кішірейіп кетпейсің»: Әли Оқапов қайын жұртында үлкендерге қызмет көрсетті (ВИДЕО) • Астана – Қарағанды тасжолындағы жол апаты: бір адам зардап шекті • Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды • Қазақстанда 100 жастан асқан 300 адам тұрады, ең қарты 116 жаста •

    Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

    Айбек Оралбай Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан алтын медаль жеңіп алды. Ол финалдық жекпе-жек туралы пікір білдірді.

    Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

    Сурет: ҰОК

    Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай алтын медальға қол жеткізді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жерлесіміз финалдық жекпе-жектен кейін өз өнеріне қатысты пікір білдіріп, айтулы кездесу туралы әңгімеледі.

    «Араға 12 жыл салып, Төрехан бірінші болып алтын медальді жеңіп алды. Мен де ұлттық құраманың капитаны ретінде бар күшімді салдым деп ойлаймын. Финалдағы қарсыласыммен төртінші рет кездестім. Бір-бірімізді жақсы танимыз. Азия ойындары басталғалы бері бір-бірімізге тыңғылықты дайындалдық. Өйткені финалда жолығатынымызды екеуміз де білдік. Бірінші раунд 3:2 есебімен аяқталды. Ал екінші раундта қалай да жеңіске жетуім керек болды. Өзбекстандық боксшы да әлем чемпионатында кеткен есесін қайтаруды көздеді. Екі күн демалғаннан кейін шаршы алаңға қайта үйренісу оңай болмады. Соған қарамастан, бәрі ойдағыдай өтті. Бапкерлерімнің көмегімен жекпе-жекке тактикалық тұрғыдан жақсы дайындалдық. Соның нәтижесінде жеңіске жеттік деп ойлаймын. Барша қазақ жанкүйеріне қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Сондай-ақ федерациямызға және осы жетістікке жету жолында көмектескен барша жанға көп рақмет», – деді Айбек Оралбай.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →