Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 3 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ерлан Қарин Ватикан делегациясымен кездесіп, II бірлескен коллоквиумды ашты • Астанада сүт безі обырына қарсы «Әйел өмірі үшін» акциясы басталды • Шымкентте айуандыққа барған күдікті ұсталды • AI & Digital Bridge 2026: Қазақстанның технологиялық болашағы талқыланды • Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді • «Қазақстан экономикасы үшін жаңа “кен орны” ашылғанмен бірдей» – Тоқтар Жақаш IT экспорты туралы • Ерлан Қарин Ватикан делегациясымен кездесіп, II бірлескен коллоквиумды ашты • Астанада сүт безі обырына қарсы «Әйел өмірі үшін» акциясы басталды • Шымкентте айуандыққа барған күдікті ұсталды • AI & Digital Bridge 2026: Қазақстанның технологиялық болашағы талқыланды • Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді • «Қазақстан экономикасы үшін жаңа “кен орны” ашылғанмен бірдей» – Тоқтар Жақаш IT экспорты туралы •

    Шымкентте айуандыққа барған күдікті ұсталды

    Шымкентте айуандыққа барған күдікті ұсталды
    Фото: Шымкент қалалық ПД
    Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Шымкентте кәмелетке толмаған балаға қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам интернет-мессенджерлер арқылы 10-12 жастағы балалармен танысып, өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырған. Сеніміне кіргеннен кейін олармен интернетте қарым-қатынасын жалғастырған.

    Анықталған эпизодтардың бірінде күдікті қыз баламен онлайн ойын арқылы танысып, одан телефон нөмірін сұраған. Кейін олар WhatsApp арқылы хат алмасқан.

    Полиция анықтағандай, әңгімелесу барысында ер адам түрлі сылтаумен баладан интим сипаттағы фотосуреттер мен бейнежазбалар жіберуді сұраған.

    Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шымкент тұрғыны ұсталды. ІІМ мәліметінше, ол өз кінәсін мойындаған.

    «Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, ер адамның осыған ұқсас басқа да фактілерге қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

    ІІМ ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырды. Сондай-ақ олардың әлеуметтік желілердегі, онлайн ойындардағы және мессенджерлердегі қарым-қатынасын бақылап, кәмелетке толмағандарға цифрлық ортада қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру қажеттігін ескертті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →