Бақыт Тұрман эстрададағы есірткіге тәуелділік мәселесін сынға алды
Әнші Бақыт Тұрман эстрададағы есірткіге тәуелділік мәселесіне қатысты пікір білдіріп, кей өнерпаздардың концерттеріне жастардың көптеп баруын сынға алды.
Сурет: Әлеуметтік желіден
Әнші Бақыт Тұрман эстрададағы есірткіге тәуелділік мәселесіне қатысты жазбаға пікір білдіріп, кей өнерпаздардың концерттеріне жастардың көптеп баруын сынға алды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ол қоғамда ішімдікке және есірткіге тәуелді өнерпаздардың шығармашылығына қызығушылық бар екенін айтып, жастардың концерттерге көп жиналатынын атап өтті.
«Халыққа ішімдікке салынғандар мен нашақорлардың әнін тыңдап, концертіне барған ұнайды. Ештеңені жасырмай-ақ қояйық, БАҚ, халық арасында да солай айтады. Кеше ғана бір концерт өтіп, жастардың бәрін жинады. Вокал да, би де, талант та жоқ», — деп жазды ол.
