Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайта жолданды

    Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайта жолданды. Айыпталушы — МИБ төрайымы Сәуле Жұбаниязова. Тергеу жалғасуда.

    Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайта жолданды

    Фото: әлеуметтік желі

    Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына байланысты сот қарап жатқан іс прокурорға қайта жолданды. Бұл іс бойынша айыпталушы — мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) төрайымы Сәуле Жұбаниязова.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Сот мәліметінше, істі құрылыс салушыға және өзге де тұлғаларға қатысты жүргізіліп жатқан қылмыстық іспен біріктіру мәселесі қарастырылуы мүмкін.

    Қасбеттің опырылуына бір ғана жағдай емес, бірнеше фактор әсер етуі ықтимал. Сот атап өткендей, олардың қатарында ғимарат құрылысы кезінде жіберілген кемшіліктер мен құрылыс технологиясының сақталмауы да бар.

    Жоғарғы сот істің прокурорға қайтарылуы қандай да бір тұлғаның кінәлі екенін білдірмейтінін түсіндірді. Қылмыстық іс тоқтатылған жоқ, тергеу әрі қарай жалғасады.

    Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Сәуле Жұбаниязованы кінәлі деп танып, оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұраған. Сондай-ақ прокурор Жұбаниязоваға үш жыл бойы МИБ басқаруға тыйым салуды ұсынған.

    Еске салайық, Ұлдана Мырзуан Астанада тұрғын үйдің қасбетінің бір бөлігі опырылған кезде зардап шеккен. Фельдшер оқиға орнына көмек көрсету үшін барған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →